oC

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Лисаков қаласы білім бөлімінің «Улыбка» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(мекенжайы: Лисаков қ., 11 шағын аудан,11 үй, тел. (871433)2-27-75)

Электорндық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

бос тәрбиеші лауазымына ашық конкурс жариялайды

Конкурс «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде өткізіледі.

Конкурсты өткізі мерзімі мен орны: 05.12.2024 ж. бастап 13.12.2024 ж. дейін, Лисаков қ., 11 шағын аудан, 11 үй.

 

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

  1. ресми интернет-ресурста конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

  2. конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдау;

  3. кандидаттардың құжаттарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру;

  4. конкурс комиссиясының отырысы.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі мен орны: интернет-ресурста жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күннің ішінде бос лауазымға орналасуға құжаттар Лисаков қаласы, 11 шағын ауданы, 11 үй «Улыбка» бөбекжайы» КМҚК мекенжайы бойынша қабылданады (электрондық пошта арқылы немесе қағазда).

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

  • және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін - 5 жыл;

  • және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін - кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

 

 Лауазымдық қызметтер:

  • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

  • режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

  • балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

  • дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

  • қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

  • мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

  • мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

  • мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

  • отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

 

      Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

  • педагогикалық этиканың нормалары;

  • психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

  • еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 

Мектепке дейінгі тәрбиешінің лауазымдық жалақысы 173 926 теңгеден басталады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  1. осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

  11. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға немесе уақытша бос оқытушы лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы

  12. кемінде 15 минутқа созылатын, кемінде 720x480 рұқсатымен жұмыс өтілі жоқ үміткерге арналған бейне көрсетілім.

 

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 8(71433)22775