oC
whatsapp-image-2024-03-06-at-12_01_30

«Улыбка» балабақшасында тәрбиешілермен кездесу аясында меңгеруші Сигаева Шолпан Төлеханқызы педагогтарды аттестациялаудың жаңа ережелерінің жобасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұғалімдерге әсер ететін негізгі өзгерістерге баса назар аударылды: Ұлттық платформаны пайдалана отырып, педагогтардың қызметін бағалау үдерісін автоматтандыру; педагогтардың білімін бағалау; 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтарды ПББ тапсырудан босату; педагогтардың өтініші бойынша санатты ұзарту, бірақ жүктілігі бойынша немесе бала күтімі бойынша демалыстан шыққаннан кейін екі жылдан аспауы керек.