oC

«ЛУЧШИЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ КВЕСТ» БАЙҚАУЫ

 

Номинация

«Пленэр»

 

Тақырып

«ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ»

Квест-ойыны

 

                                                                             Хусаинова Наджана Құрмашқызы

                                                                             Лисаков қаласы әкімдігі білім

бөлімінің «Улыбка» бөбекжай-бақшасы» КМҚК                                           

                                                     қазақ тілінің оқытушысы

 

 

 

Сценарий  Квест-игры «Қоршаған әлем»

Мақсат:

Цель: Ойындар мен жаттығулар арқылы  қазақ тілін үйренуге қызығушылығын дамыту. Балалардың ойлау қызметін жандандыру.Тұлғааралық қатынастарды оңтайландыру және ой-өрісін кеңейту.  

Міндеттер:

Задачи:

- айналасындағы заттар тобын; жыл мезгілдерін және табиғаттың жеке құбылыстарын; заттардың көлемімен түсі бойынша белгілерін; заттармен әрекетін атауға үйрету;

- сөз тіркестерін және сөйлемдерді құрастыруды (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) машықтандыру жалғастыру;

- қарапайым сұрақтар қоя білуге және оларға жауап беруге үйрету;

- зерттеушілік қызметтің дағдыларын қалыптастыру;

- орындалған тапсырмалар үшін жеке жауапкершіліктен тартуға тәрбиелеу;

- балаларды өлкетануды үйренуге тарту.

 

                                                             Ход игры:

 

- Сәлеметсіңдер, балалар! Бүгін біз табиғат бұрыштарына ғылыми танымдық саяхат жасаймыз. Бұл үшін біздің балабақшамыздың аймағында  түрлі табиғатты ландшафтар орналастырылды: дала, орман, тау, көл, өзен, теңіз және мал қоры.  Әр түрлі тапсырмаларды орындап және станциялардан жүріп  өтіп, жүлделі сыйлар- «ашық хат»  аласыңдар . Біздің ойынымыз – командалық. Екі командаға бөлінеміз. Жеребені жүргіземіз. Әрқайсы кезек бойынша жетон алады.

Қызыл түстес жетонды алған № 1 команда және көк түстес жетонды алған № 2 команда.  Командалардың міндеттері- станциядан тапсырмаларын орындап, қорытынды «Сыйлық» станциясына жету, ең басты жүлде алу.

Қазір командалар өз капитанды сайлап отыр.

Жарайсыңдар, балалар ! Сонымен, жолға шығамыз! (звучит музыкальное сопровождение ).

 

Бірінші аялдама!

1.Станция «Сергіту» 

Тапсырма: Берілген суреттер бойынша табиғат құбылыстары анықтаңдар:

Жауаптар:  Күн, түн, жел,  жаңбыр, қар, аяз, кемпірқосақ, найзағай, қыс, көктем, жаз, күз

2.Станция «Есте сақта»

Тапсырма: өлеңді аяқта, қайтала:

Қар ериді, су ақты,                               Алма бағы  жайнаған

Күндер туды ...( шуақты).                  Бұлбұл  құсы ... (сайраған).

 

Қар су болып жөнелді,                         Ата - асқар ...(тау),

Қалды дала жалаңаш.                           Ана - бауырындағы ...(бұлақ),

Күн нұрына кенелді                              бала - жағасындағы ...(құрақ). 

Бүршік атып бар ... (ағаш).

 

Ел-елдің бәрі ...(жақсы),                      « Қыста қар болар, боран болар

 Өз елің бәрінен де ...(жақсы).            Қыздар шәлі орамал...(оранар

 

Ветер-жел                Гора-тау            қарағай-сосна                дала-поле

Потоп-...(сел).         Сад- ...(бау)       көктем-... (весна)          теңіз-... (море)

 

  1. Станция «Жануарлар»

 

Тапсырма: Берілген жануарлардың төрт-түлік  малды деп атаңдар:

Жауаптар: Сиыр, қой, түйе,ешкі, жылқы

 

  1. Станция «Тапқыр»

Тапсырма: Берілген сөздерден сөйлемді құрастыр:

  аю, тұрады, орманда                            дала, жатыр, сары

  биік, кең, тау, өзен                               бағында, жабайы, аңдар, хайуанаттар

  мөлдір, суы, көлдің                              жемістер, көп, бау-бақшада

  балықтар , жүреді, теңізде                  тырна, күзде, ұшып кетеді, жылы жаққа

  келді, ұшып келді, көктем, көкек       аралар, гүлге, гуілдеді, қонған

 

  1. Станция «Ойлан, тап!»

Тапсырма: Жұмбақтар  шешіңдер:

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,

Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,

 От жағып,дабыл қағып тұрғанында,

Сабалап төмен қарай су ағып тұр.

                                (жаңбыр, найзағай)

Қар,мұз еріп,

Су көбейіп, сай салаға толады,

Бүршік жарып, жарық ашып

Гүлбәйшешек басады.

                              (көктем)

 

Өрік алма, жидек жүзім піседі.

Қауын қарбыз, қияр, сәбіз

дүкендерге түседі.

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

                              (күз)

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады,

Бұл қай мезгіл болады?

                                (қыс)

Жасыл шалғындар,

Кемпірқосақ доғасы - аспанда.

Күн жылытылған:

Барлық өзгермелі шақырады ...

                                 (жаз)

Үлкен, үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

                                  (Тау)

Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі.

                              (су)

Отқа күймейді,

Суға шөкпейді.

                          (Мұз)

 

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

                           (Қар)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады.

                            (Аяз)

  1. Станция «Сиқырлы карта»

         Тапсырма: Қай жануар, аң, құс, жәндік картаның қай жеріне қатысатынын анықта:

 

Бұл тапсырма үшін жеңімпаздар жол билеттері алып, картаның ұнайтын жеріне сапар шегудің мүмкіндігі бар.

Бұғы қайда жүреді?-  Бұғы орманда жүреді.

Таутеке  қайда жүреді?- Таутеке тауда жүреді.

Түйе қайда жүреді?- Түйе шөлде жүреді.

Қой не береді?- Қой жүн береді.

Жылқы не береді?- Жылқы ет береді.

Тырна қайда мекендейді?- Тырна көлде мекендейді.

Барыс қайда мекендейді?- Барыс тауда мекендейді.

Бүркіт қайда ұшады?- Бүркіт далада ұшады.

Аққу қайда мекендейді?- Аққу көлде мекендейді.

Құмырсқа қайда тұрады?- Құмырсқа жер астында тұрады.

Ара қайда ұшады?- Ара далада ұшады, гүлге қонады.

Шегіртке қайда секіреді?- Шегіртке даладағы шөпте секіреді.

 

  1. Қорытынды станция «Сыйлық»
  • Енді, балалар, бүгін біз Табиғат бұрыштарына үлкен саяхатымыз

жасадық, саяхаттың барысында әр станцияның тапсырмаларын орындағаннан соң жүлделі сыйлар  «открыткалар» және жол билеттері алып, ендеше сыйларды және билеттерді санайық! Ең көп сыйлар алған команда өз басты «сыйлығы»- Астана қаласына сапар шегу Шақыру конверті  ұтып алады.

  •  Балалар, бұл ойын сендерге ұнады ма? Жарайсыңдар! Маған да өте

ұнады. Бүгін біз қоршаған табиғат, тірі жандар және табиғат құбылыстары туралы көп пайдалы ақпаратты біліп алдық. Көріскенше, сау болыңдар!

 

Қосымша 1

Қосымша 2

қосымша 3